Бүгін  ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының ұйытқы болуымен Республикалық «Таza alem» акциясына Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде бір мезетте болып өтті.

Акция барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен тілге тиек етіп, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы қала тұрғындарына тазалықты сақтауға және табиғатты аялауға, көшелерге қоқыс қалдықтарын тастамауға үндеді.

Жалпы, санитарлық талаптарды сақтай отырып, тазалық шарасына қалалық «Жастар ісі» секорының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастаған барша ерікті топ мүшелері мен қала тұрғындары, мешіт имамдары қатысып мешіт және мешітке барар жолдарды және т,б, орындарда тазалық  жасады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38