Шымкент қаласы Айқап мешітінде » иман жазғы» лагерінде 75 қыз баласы табиғат аясында серуендеу мақсатында Дендропаркке апарылды. Қыздар таңғы уақытта мешіттен жиналып, арнайы көлікпен Дендропаркке жеткізілді. Табиғат аясында таза ауада демалып, сергіп қайтты. Парк ішінде арнайы пикник ұйымдастырылып, қыз балаларға жеңіл тағамдар таратылды. Сонымен қатар, көңілді әрі тәрбиелік маңызы бар түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Қозғалмалы және топтық ойындар ойнатылып, қыздардың белсенділігі мен ұйымшылдығы байқалды. Сұрақ-жауап сайысы өтті. Бұл саяхат қыз балалар үшін рухани әрі танымдық тұрғыда пайдалы демалыс болды. Олар өзара достық пен сыйластықты арттырып, ерекше көңіл күймен оралды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



