Табақ тарту (кәделі табақтар) — қонағы бар үйдің қонақжайлылығын көрсетіп етті ұсыну. Тартылған табақтың құрамы келген қонақтың кім екеніне байланысты әртүрлі түрлері бар. Негізінен қонақтың сыйлы қонаққа қойдың басын ұсынған. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ.
Бүгінгі жас буын ертеңгі отбасы екені анық, осы тұрғыда әрбіріміз сыйлы кісіге тартылар табақта қандай мүшелер болу керектігін білуі керек деген мақсатта Орталық Ақмешіт мешіт ұстазы Айжарқын Әмзеқызы ұйымдастыруымен бір күндік шеберлік күнін өткізді.
Шеберлік күніне 45 шәкірт қатысты. Соңында жіліктелген сый табақты өздеріне ұсынып, түскі ас берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі




