Шымкент орталық мешіті
2013 жылдың 30 күні қасиетті жұма күні Шымкент қаласында сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды. Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Шейх Халифа бин Зәйд Әль-Нахайан» қайырымдылық қорының демеушілігімен 2007 жылы құрылысы басталған облыстық орталық мешіт Шымкент қаласындағы тоғыз жолдың торабы, Алматы-Ташкент тас жолы мен Темірлан тас жолы қиылысында бой көтерген.
Мешітке 3.2209 га жер бөлінген. Мешіттің құрылыс аумағы 6355 м2 құрайды, сыйымдылығы бір сәтте 7000 адамға намаз оқуға арналған. Мешіт сәулеті қазақтың киіз үйі сипатын беретін келбетте салынып биіктігі 37 метрлік ақ түсте күмбезделінген және биіктігі 33 метрлік ақ түсті 4 мұнарасы бар. Мешіт іші екі бөлімнен тұрады бірі киіз үй сипатындағы үлкен намаз оқитын зал, екіншісі екі қабатты ғимараттан тұрады. Екі қабатты ғимаратың 1 қабатында кіші намазхана, неке бөлмесі, әйелдер бөлмесі, шаруашылық бөлме және дәрісхана орналасқан. Екінші қабатында имам бөлмесі, әйелдер бөлмесі, кітапхана және 4 қызметтік бөлме орналасқан. Мешіт ішінде айналасына жарық беретін әсем люстралар ілінген.
Мешіт ауласында имамның қызметтік үйі (151.1 м2), дәретхан (625.5 м2), жылыту пеші ғимараты (108 м2) орналасқан.
Мешітке келушілердің автокөліктеріне арнайы автотұрақ салынған. Аула шамшырақтар мен гүлзарлар және орындықтармен көркемделген. Айналасы темір оюмен өрнектелген қоршаумен қоршалған.
Мешіттің конференция залы, кітапханасы, медресесі, екі үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар мың көлікке арналған автотұраққа орын бөлінген.
https://www.youtube.com/watch?v=2VQmy8rNV2U
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з
Тел/Факс: 8(7252)45-33-38