Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Насрулла» мешіті ашура күніне орай ауызашар берді. Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза». (Мүслим). Осындай игі де сауапты іс-шараны ұйымдастырған «Насрулла» мешітінің бас имамы Юсупов Талғатқа және де, көмек берген басқа да азаматтарға Алла разы болсын. Осындай жамағатты қайырымдылыққа, жақсылыққа үндейтін іс-шаралар көбейе берсін деп дұға етейік.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Насрулла» мешітінің баспасөз қызметі