Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Республикалық Таза Қазақстан акциясы аясында, Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінің ұйытқы болуымен дәстүрлі «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре, наиб имам Ахметжан Керімбек және қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы бастаған ардақты апаларымыз, ерікті топ мүшелері қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастылды. Игі шараға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, ризалық білдіреміз.
Игі шара барысында тазалық сақтау һәм мәдениеттілік, тәлім-тәрбие, қоршаған ортаны ластамау, ағаш отырғызудың сауабы т.б түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, игі шара барысында мешіт аумағына ағаш отырғызылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









