Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының қатысуымен өңірлік Adilet tv телеарнасының «Podcast» бағдарламасында Той мәдениеті мен Асабалардың әдебі тақырыбында сүбелі сұхбат түсірілді. Бағдарлама спикерлері ретінде подкастқа Отырар ауданының құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Құрал Сағынай және актер, белгілі асаба Ғалымжан Қалыбаев пен асаба, жүргізуші Қанат Мұхтарұлы қатысты. Бағдарламаны Adilet tv тілшісі Бекжан Қауымбайұлы тізгіндеп, жүргізіп отырды.

Сұхбат барысында қазіргі қазақ тойындағы даңғазалық, ысырапқа жол беру, тойдағы бейәдеп ойындар мен кісінің ар-намысын қорлау мәселелері сөз болды. Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы тойды шариғат тәртібіне сай тағылым мен береке аясында өткізудің жөнін айтып, тойдағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Оның ішінде тойдағы бәсеке, шамадан артық шығындалу, несиеге кіріп той жасау мәселелерін көтеріп, дін тұрғысынан түсіндірме берді. Сонымен қатар Құдайы асты өткізу кезінде аста-төк дастархан жайып, мақтанға айналдыру дінімізде жол берілмейтін амал екенін баса айтты. Подкаст қорытындысында Асабалардың той жүргізу әдебін ретке келтіру бойынша бірқатар ұсыныстар көтеріліп, талқыланды. Сонымен қатар Той өткізу және Ас беру мәдениетін қалыптастыру бағытында жан-жақты насихат жұмыстарын күшейту келісімі жасалды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38