Бүгін Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты рухани шарасы өтті.
Игі шараға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы, ақын, жазушы Құралбек Сағынтай, қалалық Әл Фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова, ардагер имам Бекайдар Әміре, наиб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров және зиялы қауым өкілдері мен кітапсүйер қауым қатысты.
Бұл еңбектер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында жастар тәрбиесі, кітап оқу мәдениеті, дін мен дәстүр, отанды сүю, имандылық, адамгершілік және түрлі жат ағымдардың арбауынан сақтану т.б. өзекті тақырыптар қамтылып жазылған.
Айта кетейік, игі шара барысында кітапхана қорына «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі















