Қасиетті мұхаррам айында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Қарабұра әулие» мешіті жамағаты бірігіп қайырымдылық іс жасады. Мешіттің бас имамы Балтабаев Серіктің жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл қайырымдылық шарасына бір түйе сойылып, 27 жағдайы төмен отбасыға ет таратылды. «Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» демекші, осындай жүректі жібітетін, өмір тәлкегіне түскен жандарға қуаныш сыйлайтын қайырымдылықтарымыз көп болсын!

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Қарабұра әулие» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38