Бүгін Астана қаласына арнайы іс сапармен келген Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары жұма уағызын жүргізді.

Қалалық «С.Ғылмани» мешітінің жұма уағызына Әл-Азһар универсиетінің түлегі, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов жүргізсе, «Кунта қажы» мешітінің уағызын орыс тілінде өкіл имам орынбасары Әділхан Сертаев «Бүліктің (фитна) қоғамға зардабы» тақырыбы бойынша жұма уағызын айтты.

Айта кету керек, Шымкенттік имамдар мен Астана өкілдігі арасында  әріптестік қарым-қатынасты нығайту, діни жұмыстарды жан-жақты дамыту бойынша келген болатын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38