Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының ұйымдастыруымен Астанада өткен «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында таныстырылыған «Имам анықтамалығы» нұсқаулығы құжатын түсіндіруге арналған босқосу өтті.
Аталмыш басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, орталық мешіттің наиб имамы Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен сала жетекшілері қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты — республикалық имамдар форумында «Имам анықтамалығы» нұсқаулығында жазылған ережелерімен таныстырып, жан-жақты түсіндіру. Айта кетсек, жоспарға сәйкес аталмыш құжатты насихаттау һәм түсіндіру мақсатында түрлі деңгейдегі семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі














