Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,⁣⁣ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау күллі әлемнің Раббысы Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
⁣⁣Біз – «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген қағиданы берік ұстанған ұлтпыз. Халқымызда «Уықты басқұр сақтайды, халықты дәстүр сақтайды» деген аталы сөз бар. Расында құдайсыз қоғам құру басты идеологияға айналған кешегі кеңес заманында дініміз бен салтымызды сақтап қалуға дәстүріміз күшті ықпал етті. Ел арасындағы діни құлшылықтар халқымыздың дәстүрлі рәсімдері ретінде қабылданды. Оны жұртымыз жақсы біледі.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрің болсын» деген қанатты сөздің мәнін күн санап түсініп келеміз. Шариғатымыз халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптарға ешқашан тыйым салмаған. Ғұрыппен әмір ету – дініміз рұқсат берген істің бірі. Оған қасиетті Құран Кәрімдегі: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет…» деген «Ағраф» сүресінің 199-аяты дәлел ретінде жеткілікті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исламға дейін әдет-ғұрыптан пайда болған, яғни өмірдің өзі туғызған шариғат негіздеріне қайшы келмейтін дәстүрге тыйым салмады. Ал қазіргі кезде салт-дәстүріміздің қайнаркөзі болған жиын-тойларымыз ғұрпымыз бен шариғатымызға сай өтіп жүр ме? Бұл дін мен дәстүрді ел ішінде ұдайы насихаттап жүрген бізді, дін қызметкерлері мен имамдарды ойландырмай қоймайды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Халқымыз «Мал – баланың шашуы» дейді. Жұртымыз дүниеге сәби келісімен «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», уақыт өте келе «тұсау кесу», «сүндет той», «атқа мінгізу», «тоқым қағар», «тілашар» сияқты тойларын жасап, қуанышы мен қызығын ағайынмен бірге өткізген. Шілдехана тойын мұсылмандық дәстүр деп айтсақ та болады. Яғни ақиқаның бір көрінісі іспеттес. Ақиқа – нәресте дүние есігін ашқанда Алла Тағаланың ұрпақ беру нығметіне шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық түрі. Демек қазақтың шілдеханасын шариғаттан шет кетпеген ұлттық салт деуге болады. Одан кейін үйлену, қыз ұзату тойлары, қазіргі уақыттағы әулет үлкендерінің мерейтойлары, қоныс той бар, қарап отырсақ, қазақтың тойшыл халық екені осыдан-ақ көрінеді. Алайда, «Той десе, қу бас жерге домалайды» дейтін халқымыз тойшыл келгенімен, ысырапшыл болмаған. Торқалы тойында да, топырақты өлімінде де аталарымыз ас та төк мал шашуды құп көрмеген.⁣⁣⠀

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Құдайы аста ысырапқа жол бермейік» атты мақаласы Shymkent Kelbeti газетінің сайтына жарияланды.

Мақаланың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыздар.

🔗 Толығырақ: ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК⁣⁣

https://shymkala.kz/qudaiy-asta-ysyrapqa-zhol-bermeiik⁣⁣⠀-⁣⁣nawryzbaj-qazhy-taganuly⁣⁣⠀-⁣⁣⠀-qmdb-toeraghasy-bas-muefti⁣/

⁣⁣⠀

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38