Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінде «Халал өнім — денсаулық кепілі» атты рухани-танымдық семинар өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысты. Сондай-ақ семинар барысында қалалық Халал Даму бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев арнайы жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндап, есебін беріп, халал сертификатын алудың талаптары мен ережесін таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38