Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданы «Торлан» мешітінде Имам Тахауи ақидасына қатысты арнайы семинар ұйымдастырылды. Арнайы семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Данабек Әліпбайұлы қатысып, Имам Тахауи ақидасы жөнінде дәріс оқыды.
Кездесу барысында қатысушылардың бірнеше сұрақтарына жауап берілді. Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы семинарға оң бағасын беріп, бұл бағыттағы кездесулер мен семинарларды тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








