Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай ауданының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай рухани басқосу өтті.
Игі басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, орталық мешіттің наиб имамы Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысты.
Басқосу аясында ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай іріктелген 35 мешітте рухани шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, кітап оқу сайысы, Құран оқу байқауы, тазалық шарасы, ағаш егу шарасы, дін мен дәстүр бағытындағы сайыстар және т.б.
Аталмыш іс шаралар желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерекесі құтты һәм берекелі болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












