Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінде «Уақып — сауаптың көзі» атты рухани-танымдық семинар өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысты. Сондай-ақ семинар барысында қалалық Уақып қорының жетекшісі Ералы Есенгелдиев арнайы жыл бойы атқарылған жұмыстарын баяндап, есебін беріп, уақыпнама алудың ережесін таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








