2018 жылы 16 қаңтар күні ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы, Шардара мектеп – лицейі және М. Горький мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Керағар діни ағымдардың алдын алу», – тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде білім бөлімінің әдіскері М. Мырзабасов дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға тигізіп отырға зияндылығы мен әсерін туралы түсіндіріп өтті. Аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбеков дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастарымыз діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ – ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.