2018 жылы 18 қаңтар күні Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», – тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д. Байбеков, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, ҰҚК – нің өкілі қатысты. Аудан имамы сөз кезегінде халқымыз «Іштен шыққан жау жаман», – демекші, мұндай көзқарасты ұстанушылар Исламның атын жамылатындықтан, тек қана атын жамылу емес, тіпті діни мәтіндерден (Құран және хадис) өздерінің істеріне дәлел келтіретіндіктен, олармен күрес басқа жат діни ағымдармен күресуден қарағанда өте күрделі және нәтижесі барынша төмен. Бүгінгі таңда дін саласындағы орын алып жатқан мәселелерге біршама тоқталып, жиһад, хижрат мәселелерінде түсіндірме жүргізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп – қатері туралы баяндап берді. Кездесу қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.