Бүгін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев Шымкент қаласы «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттердің күнделікті сабақ барысы және тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында білім ордасына келді.
Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді. Сондай-ақ оқу ордасының басшылық ғимараты мен де танысқан өкіл имам оқу бөлімімен бірге арнайы білім беру пәндер кафедрасының қызметімен де жақыннан танысып өз ақыл кеңестерін берді.
Мұнымен қатар, өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы аталмыш медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарларын тыңдады.
Сондай-ақ, оқу ордасының білім деңгейі мен оқу базасын жан-жақты дамыту туралы бірқатар тапсырмалар берді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі