Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан Жеңістік 80 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» шарасы ұйымдастырылуда.
Мерекелік шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Ербосын Орын,  Ербол Қалшабек, Ерман Бекбауов, Айбек Азимбаев, Ералы Есенгелдиев т.б. дін өкілдері қатысып, құттықтауларын жеткізуіде.  
Мерекелік шара Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандарында жалғасын табуда. Соның бір көрінісі Қаратау ауданында тұратын 102 жасқа толып отырған ҰОС ардагері Мұратәлі Төлепберген атаның шаңырағында болып, мерекемен құттықтап,  мүфтият атынан сый-құрмет жасалды. Мұратәлі атамыз  дін өкілдеріне ризалық білдіріп, ақ батасын берді.  Дәл осы секілді, барлық ауданда соғыс және тыл ардагерлерінің отбасыға зиярат етіп, мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, айтулы шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастамасымен мамыр айның соңына дейін жалғасатын болады.
Айта кетсек,  шара барысында аталарымыздың ерен еңбектері сөз етіліп, соғыста шейіт болған жауангерлердің рухына Құран Хатым бағышталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38