Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде «Жолың болсын жас түлек» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы- магистр Мұхамеджан Естеміров, Талғат Дәрібаев қатысып, медресе ұстаздарына ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы жолдаған құттықтау сәлемін оқып берді. Мұнымен қатар, ағалық ақыл-насихаттарын айтып, сәттілік тіледі.
Осы орайда, шаһар бас имамның ұйымдастырумен аталмыш медресе-колледжінің қыздар бөліміне 350 студентке арналған жаңа оқу һәм жатақхана ғимараты салынып жатыр.
Айта кетсек, «Шымкент» медресе-колледжінің медресе-колледжінің директоры Талғат Шәйділләұлы ұстаздарға ризалығын айтып, өзінің арнайы алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38