Бақдәулет қажы Нұрматұлы,
Шымкент қаласының бас имамы

Қадірлі жамағат!

Бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін қаламыздағы барлық мешітте отан қорғау жолында шейіт болған ата-баба ерліктерін еске алып, рухына Хатым Құран бағышталды. Олардың ерліктері мәңгі есте қалады.
Жалпы, Ислам дінінде мұсылман баласының өз Отанын, отбасын, ар-намысын, мал-мүлкін қорғау қасиетті амалдардың қатарына жатады.
Алла Тағала елдің ертеңін ойлайтын, халыққа аянбай қызмет ететін, Отанын қорғайтын асыл азаматтардың қатарын арттырғай. Еліміздің сырты жаудан, іші даудан аман болғай. Әумин

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38