ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданында қала мешіттерінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 754-шы баспана кілті табысталды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Әлжан Сәдиев пен қалалық «Зекет» қоры өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы т.б. арнайы қатысты.
Сауапты шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов құттықтау сөз арнап, насихат айтып, «Ел үлесі – пәтерге» акциясы туралы да тілге тиек етті. Баспана тауқыметін тартып жүрген мұқтаж отбасыға пәтер кілтін табыс етті. Сондай-ақ осындай игі шараларға ұйытқы болып жүрген қала мешіт имамдары мен қалалық «Зекет» қоры өкілдігінің ерікті топ мүшелеріне және қаржылай қолдау көрсеткен барша азаматтарға батасын беріп, ризалық білдірді. Баспананың барлық жағдайы қарастырылған, асхана, жатын бөлме, дәретханасы бар. Мұнымен қатар, мешіт тарапынан үйге қажетті төсеніш кілемдер мен тұрмыстық техникалар табыс етілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38