Рамазан – рухани тазалық пен сауапқа толы қасиетті ай. Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы Исамиддин баба, Тура жол, Узғон ата, ар-Рақиб, Сүлеймен ата, Хазреті Әли мешіттерінде әйелдер жамағаты Құран хатм оқып, дұға жасауда. Құранды толық оқу – жүрекке тыныштық сыйлайтын сауапты амал.
Сондай-ақ, жамағат ауызашар ұйымдастырып, көпшілікке дастархан жайып, сауапқа кенелуде. Барша мұсылманның оразасы қабыл болсын!


