Шымкент қаласы Еңбекші аудандық “Тура Жол” мешіті жанындағы әйел-қыздар діни сауат ашу курсында Рамазан айы ерекше көңіл күймен басталды. Мұнда Рамазан дастарханы туралы пәтуа сағаттары өтіп, мешіт безендірілді.

Рамазанның 2-күні шәкірттер арасында оразаға қатысты сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, “Бір айда – бір кітап” жобасы аясында өзбек тілінде “Қулағым сенде, қызым” кітабын оқу басталды.

Ең бастысы, Құран хатымы оқылып, шәкірттер ұстаздар басшылығында хатым дұғасын жасады.

Рамазан айы барша мұсылманға мүбәрак болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38