Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты “Узған ата” мешітінде әйел-қыздар діни сауат ашу курсында “Рамазан кешірім айы” атты рухани іс-шара өтті. Шәкірттер Құран аяттары мен хадистер оқып, діни өлеңдер орындады. Сондай-ақ, сахналық көріністер қойылып, Қадір түнінің қасиеті мен сабырлылықтың маңызы түсіндірілді. Іс-шара барысында Құранға түскен 8 шәкіртке “Тәж кигізу рәсімі” өткізілді. Ұстаз Эргашова Мухаббат оразаның құндылығы жайлы уағыз айтып, жамағатты қасиетті аймен құттықтады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38