ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде жамағатқа Рамазан айы жайында уағыз айтып құттықтауын жеткізді. Бас имам барша мұсылманды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен сүйіншілеп, Рамазан шарапатынан тағылым айтты. «Рамазан айында сауапты амалдарды көбірек жасау аса маңызды. Рамазан айында құр ашығу ғана емес адам өзінің рухани болмысын сақтап, жан дүниесін жат әдеттерден тыйып, мейірімділікпен имандылыққа жақындауы керек», – деді Бас имам.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38