Қасиетті Рамазан айының бағдармасына сәйкес, Шымкент қаласының мешіттерінде «Рамазанда намаз үйренейік» жобасы іске қосылды
Рухани бағытта қолға алынған курс жұмысымен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы танысып, әрі қарай барлық мешіттерде жүргізуді тапсырды.
«Бұл жоба ҚМДБ Діни оқу-ағарту және кадр бөлімінің бекіткен жаңа бағдарламасы асында жаңадан намаз үйренуші азаматтарға Әбу Ханифа мәзһабы негізінде толық ақпарат беріліп, намаз үйрену жолдары мен тәріптерін тәжірибе түрінде үйрету. Және түрлі жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында қолға алынды», – деді найб имам Мұхамеджан Естеміров.
Айта кетсек, «Рамазанда намаз үйренейік» рухани тәлімдік курсы қаладағы 56 мешітте жүрігізіліп келеді. Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде 223 адам жаңадан намаз үйренді. Қатысушыларға «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар тегін үлестірілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












