Еңбекші ауданына қарасты Маятас және Елтай елді мекенінде қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді. Қасиетті Рамазанда мұқтаж жандар қолдаусыз қалмайды. Маятас және Елтайелді мекенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорымен Маятас елді мекнінінің 81- жылғы жастарының ұйымдастырумен «Рамазан сыйы» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Сауапты іс-шара барысында жалғызбасты аналарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық аясында елді мекендегі 30-ға жуық шаңыраққа азық-түлік себеттері үлестірілді. Әр себеттің ішінде күнбағыс майы, қант, ұн, сүт секілді азық-түлік бар. Қайырымдылық іс-шараның бас қасында жүріп, ұйымдастырушы Маятас мешітінің имамы Ахмет Ихласов және Елтай мешітінің имамы Ермахан Кдиров ағаларымыздан Алла разы болып, дін үшін аянбастан қызмет етулеріне тілектеспіз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі




