Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Айқап мешітіне қарасты әйел-қыздар сауат ашу курсы бойынша «Салиқалы сұлулар» клубымен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабынан Мадина кезеңі тақырыбына арналған емтихан өтті. Бұл емтиханның негізгі мақсаты -курысқа келушілердің «Адамзаттың асыл тәжі » кітабы арқылы Пайғамбарымыздың (а.ғ.с) өмірбаяны мен Мадина кезеңіндегі оқиғаларды қаншалықты меңгергенін анықтау,олардың алған білімін жүйелеу және діни танымдарын одан әрі тереңдету.
Емтиханнан кейін тәтті шай болып Әйел қыздар секторының жетекшісі «Босжанова Балжан »ұстаз қыздарға уағыз- насхат айтты. өткізілген емтиханымыз жақсы деңгейде өтті. Емтихан нәкижесінде жоғарғы дайындық көрсеткен қатысушыларға жүлделі орындар тағайындалды .

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38