Бүгін, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Хазреті Әлі» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық «Ақ бата» бата беру» байқауына іріктеу «Баталы елге бақ қонар» сайысын өткізді.

Шараға Шымкент қалалық имамның кеңесшісі Дәурен қажы Тастанбеков пен қалалық мешіттің наиб имамы Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, аудан имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы бастаған аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Сонымен қатар, бата сайысына 12 үміткер батагөй қариялар тіркеліп, бақтарын сынады.

Бата сайысының нәтижесінде бірінші орынды «Шаңырақ» мешітінің батагөйі Назар Акимов,екінші орынды «Қарабастау» мешітінің батагөйі Нұрлан Сүерқұлов, үшінші орынды «Хазреті Әли» мешітінің батагөйі Еркін Жиенбаев иеленді.

Сайыста жүлделі орынды иеленгендерге қаржылай сыйлық табыс етіліп, қатысушы барлық батагөй ақсақалдарға алғыс хат табысталды.

Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 35 кісі болды. Жиын соңында дастархан жайылып, Құран бағышталды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38