Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты “Құрсай”мешітінде “САҒЫНДЫРҒАН РАМАЗАН” атты іс шара өтілді. Іс шараны мешітіміздің бас имамы Кадиров Нышанбай ашып берді.Алда келе жатқан айлардың сұлтаны – Рамазан айының қадір -қасиеті мен маңыздылығы жайында барынша түсіндірілді. Шәкірттердің дайындаған көрініс, өлең, түрлі ойындар өтті. Оразаның түрлері, бұзатын -бұзбайтын жағдайлары мен пәтуаларына толығымен тоқталып , иғтикаф ,пітір садақасының да пайдалары кеңінен айтылды.
Іс шара соңында, пысықтау мақсатында сұрақ-жауаптар қойылды. Белсенді шәкірттер сыйлықпен марапатталып, арамыздағы ақ жаулықты апамыздан бата алынды және жамағаттың ақ көңілімен жайылған ақ дастарханымыздан ас берілді.





