Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары, дінтанушы Мұхамеджан Естеміровтың «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты рухани кездесу кеші ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға арнайы Шымкент қаласындағы бірқатар мектептердегі дінтану пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары т.б. кітап сүйер азаматтар қатысты.
Кездесу кеші барысында оқушылардың дайындаған бейне ролик тамашаланып, діни әндері тыңдалды. Сондай-ақ, кездесу кеші кезінде Мұхамеджан Естеміров барша қатысушылар тарапынан қойылған дін мен дәстүр, жастар тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу, білім алу, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, қажылық амалдары, кітап оқыды әдетке айналдыру т.б. тақырыптар жөніндегі сұрақтарға кеңінен жауап берді.
Жалпы, тұңғыш рет ұйымдастырылған рухани кездесу кеші өте жоғары деңгейде өтті. Осы кеш барысында кітапхана әкімшілігі алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жиі өткізу туралы шешім қабылдады.
Бізде өз кезегімізге аталмыш кітапхана басшылығы мен ұжымына ризалығымызды білдереміз.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі