Жуырда, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық» колледжі ғимаратында облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар және ғылым» атты конференциясы болып өтті.
Аталмыш конференцияға өңірдегі 92 колледжінің студенттері арасында «Шымкент» медресе колледжінің студенттері тұңғыш рет қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Дәлірек айтқанда, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Қызылгүл Қараеваның жетекшілігімен Үкібаева Гүлдана «Қазақтың салт-дәстүрлерінің Исламмен сабақтастығы» атты зерттеу еңбегі үшін жүлделі ІІ орын жеңіп алды.
Ал, Жомарт Дөрбетханның жетекшілігімен Хуатберген Кенжегүл өзекті тақырыпты қозғап, тың идеялармен ғылыми ортаның зор ықыласына ие бөленіп арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Айта кету керек, аталмыш конференцияға жалпы үш мыңға жуық зерттеу жұмыстары келіп түсті. Барлық еңбектерді саралау үшін ЖОО-ның оқытушы-профессорлары және орта арнаулы оқу орындарының тәжірибелі мұғалімдерінен жасақталған сараптау комиссиясы талапқа сай жүзден аса еңбекті қорытынды кезеңге жіберілді.
Ия, Жаңадан ашылған жас оқу орны үшін облыстық сайыстарда жүлделі орыннан көріне бастауы – жүйелі де зерделі жұмыстардың нәтижесі!
Медресенің жеңісті һәм жемісті күндері көп болғай! Марапат құтты болсын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі