Шымкент қаласы орталық мешітінде «Құран сөнбес сәуле жарық нұр» атты тәжі кигізу кешінен кейін «Әжелер» мектебі және орталық мешіттің шәкірттері «Әйел-қыздар» секторларын қонақ етіп дастархан жәйді.
Дастархан басында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы мен Алматы облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы ұстаздардан уағыз насихаттарын тыңдады. Сектор жетекшілері әжелерден баталарын алып, келген жамағаттың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.