Шымкент қаласы Исамиддин баба мешіті Әйел-қыздар секторы жанынан ашылған “Sakina_кітап” оқырмандары өзара жиналып кітап талқылауын өткізді. Мешітіміздің ұстазы Гүлжан Сыдықова кітап оқырмандарымен бұған дейін “Ханымдарға сүйінші”, “Мидағы шексіздік” және “Әйел қырық жанды” кітаптарын оқып тауысқан.
Жиын ай сайын өтіп, мұнда оқырмандар отбасы құндылығы, әйел бақыты, ананың міндеті мен бала тәрбиесі жайлы өзара ойталқысын жасап отырады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38