Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент орталық мешіттің акт залында арнайы семинар өтті. Семинарға ҚМДБ төрағасы орынбасары найб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қатысып, дәріс оқыды. Дәріс барысында ең алдымен тәртіп, дін мен дәстүр , жат ағыммен күрес, уағыз-насихат айту әдебі т.б өзек мәселер қозғалды. Сондай-ақ, найб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы алда атқаратын жұмыстар жөнінде нақты тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласына арнайы келген Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлына шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі