Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен «Отанды сүю - иманнан» атты рухани-танымдық семинарын өтті.
Ұйымдастырылған семинарды қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетеушісі ұстаз Балжан Досжанова ашып, жүргізді. Семинарды салтанытты түрде Республикалық «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құттықожақызы және Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, баяндама жасады. Және ұстаз Айжарқын Түзелова (Шымкент қаласы), Назерке Әкішқызы (Алматы облысы), Гүлмира Ілесбайқызы (Алматы қаласы), Жазира Иманәлиева (Жамбыл облысы), Еңлік Әбиева (Түркістан облысы) арнайы мамандар қатысып, ойларын ортаған салды.
Семинар аясында «Ту, рәміздер», «Қазақ хандығы тұсында аналарының рөлі», «Тәрбиелі қыз - елдің көркі», тақырыптары бойынша әсерлі баяндама жасап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Мұнымен қатар, тәуелсізджікке арналған сахналық қойылым қойылды. Және барлық қатысушыларға ту тарту етілді. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Айта кетсек, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының айтулы шараға арнайы қатысқан барлық қонақтарға алғыс айтылып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі