Қазақ халқының дәстүрі шариғат шеңберінен шыққан емес. Себебі қандай істі бастаса да Алланың атымен бастап, тек жақсылыққа ниет етеді. Шымкент қаласы, Есжанұлы Сейітжан қари мешітінің, қыз-келіншіктер жамағатында дәстүрлердің ішіндегі, тұсау кесу жоралғысы жасалды. Кішкентай қызымыз Хиуаздың тұсауын кесу, Мұстафа қызы Гүлзамира ұстазға бұйырыпты. Ұстазымыз кішкентай қызымыздың тұсауын кесіп, жоралғысын жасап, өз батасын берді. Тұсау кесер жиынының барысында, жалпы дін мен дәстүрдің тығыз байланысы жайлы насихат айтылып өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38