Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде, әйел-қыздар жамағатын кітап оқуға баулау мақсатында, «ОҚЫ» оқырман клубы ашылған болатын.
Оқырман клубының ең алғаш оқыған әдебиеті «Сырға толы салауат» кітабы болды.
Кітапты толық оқыған шәкірттерден, тест алынды және жаттаған салауаттары сұралды, сонымен қоса оқырмандар кітап оқудағы алған өз әсерлерімен де бөлісті.
Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Кітап оқушы жамағатымыз көбейіп, оқыған білгенімізге амал жасауды, Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін.