Ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ» «Жастар-Тәуелсіз еліміздің болашағы» атты рухани танымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарға ОҚПУ Басқарма төрайымы, ректор м.а. Г. Сүгірбаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Исабек, РАТТ мүшесі, тарих ғылымының докторы, доцент Қ. Анарбаев, ҚМДБ-нің Шымкент қаласының бас имамы Б. Абдрахманов, дін істері басқармасының қызметкерлері және студент жастар қатысты.
Аталған жиынның барысында қазақ халқының мәдениеті, дін мен дәстүр, әдет-ғұрпы, білім алу, түрлі жат ағымдардан сақтану жолдары, отбасы құндылықтары, отбасы құру, үйлену, ұрпақ тәрбиесі бойынша мәселелер, лудомания, адамның денсаулығына электронды темекінің зияндығы және қауіптілігі бойынша, нашақорлық, ішімдік, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, кішкентайларға ізет көрсету бойынша және т.б. тақырыптар қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы «Иман» журналы мен «Мұңара» газеттері үлестірілді.
Айта кетсек, жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы оқу ордасының басшылығына алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






































