ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде имамдардың 2024 жылы атқаратын жұмыстарының есебі тыңдалды.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасы бастығы Бақтияр Өнербаев наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс барысында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау, Тұран аудандық мешіттің бас имамдары бес бағыт бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Нәтиже бойынша бес бағыт бойынша Қаратау ауданы үздік атанып, марапатқа ие болды.
Мәжіліс барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, ізгі қоғам бағыты, діни сауат ашу және уағыз-насихат жұмыстары мен халал бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдары мен сала жетекшілерінің жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер жасалды. Ал керісінше жыл бойы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына, мешіт тазалықшылары мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне өкілдік тарапынан алғыс хаты табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі