Бүгін ҚМДБ -ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Ізгі қоғам бағыты баясында «Қайырымды жұма» атты рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, имамы Ахметжан Керімбек, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова бастаған әжерелеріміз қатысты.
Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның дін мен дәстүр және ізгі қоғам бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті. Шара аясында 100 отбасыға көмек берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қолдау көрсеткен қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелеріне алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі