ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Бақдаулет кажы Нұрматұлының тапсырмасымен, ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ аясында

Политехникалық колледжінде «Ата-ананы құрметтеу» және «Лудомания» тақырыбында жастардың діни танымын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттырып, онымен қоса жат ағымдардан сақ болуға және патриотизмге тәрбиелеу.

Кездесуге «Ордабасы» мешітінің бас имамы Ералы Сапарбайұлы және найб имам Бекайдар Алтайұлы қатысты.

Кездесу барысында имам дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттарын толық қамтып, экстремизм, терроризм секілді қауіптердің алдын алу туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын басқа бағытқа бұратындығы және осы арбауға түсіп қалмаудың жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары айтылды. Елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қауіп төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, нашақорлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38