ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істер комитетінің өкілдері «Шымкент» медресе колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істер комитеті, Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы және Шымкент қаласы Дін істері басқармасы, Ақпараттық түсіндіру жұмысын үйлестіру бөлімі басшысы Сарманов Ғалымжан мырзалар «Дін саласындағы әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жасады. Студенттер тарапынан сұрақтарға жауаптар беріліп, қоғамның өзекті діни мәселелері талқыланды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі