IMG 281

 IMG 281

29 – Тамыз күні Мақтарал аудандық “Нұғман” мешітінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне және Құрбан айт мейрамы құрметіне Құран жарысы болып өтті. Жарыс Мақтарал ауданының жазғы сауат ашу курсы шәкірттері арасында болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырды. «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады»- делінген.
Жарыс екі бағыт бойынша өткізілді:
1.Құранның соңғы, 30-шы парасын түгел жатқа оқу.
2.Құранды көркем оқу (өзінің жаттаған сүресін оқу)
Тартысты өткен жарыста «Жатқа оқудан» Отызыншы парадан 1-орынды Өскенбай Айдархан, 2-орынды Ибадов Салмон, 3-орынды Рахмонов Чингиз жеңіп алса, ал «Көркем оқудан» 1-орынды Егембердиев Умиджан , 2-орынды Жарылқап Нұрлыбек , 3-орынды Мусахан Ерқожа иемденді.
Жарысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай ел жөнінде, елдің ынтымақ бірлігі жайында және Құран оқудың мәртебесі, Құран аяттары, еліміздің заңын, Конституциясын құрмет етуі жайлы уағыз- насихат жүргізілді.
Шүкіршілік, қазір дәл осы іске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл игі шара соның бірден-бір айғағы. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады.Сондықтан, бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ НҰҒМАН МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

IMG 280

IMG 281

IMG 282

IMG 283

IMG 284

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38