IMG 288

IMG 288

Бүгін Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті Әйелдер-қыздар секторы ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсында тәлім алған қыздар емтихан тапсырды. Емтиханға сауат ашу курсында оқыған 20 қыз бала қатысып, өз біліктіліктерін арттырды. Қорытынды ретінде сөз сөйлеген Аудандық «Нұғман» мешітінің ДСАК ұстазы Тухтаев Умид мешіттен алған тәлім- тәрбиені өмірде де қолдану керектігін, Құран тілі араб тілін үйренудің мәні мен маңызын айтып, шәкірттерге ақ жол тіледі. Төрайымы ретінде қыз балалар ұстазы Бақтияқызы Гүлдана шәкірттерден жазғы сауат ашу курсында алған білімдерінен сынақ алып, алдыңғы қатардан көрінген шәкірттерге сый- сыяпат табыстады. Емтиханнан кейін қатысушы шәкірттерге дастарқан жайылып, тәтті тағамдар ұсынылды.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 285

IMG 286

IMG 287

IMG 288

IMG 289

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38