IMG 278

IMG 278

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің арнайы тапсырмасына және ОҚО бойынша өкілдіктің тапсырмасына орай, Түркістан қаласы «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлы және «Зекет» бөлімі, «Жастар ісі» бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Қуаныш» базарының «Шаймерден ата» намазханасының молдасы және жамағаттарының ұйытқы болуымен қалалық тұрмысы төмен отбасылардың және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында 30 тамыз күні «Бір баланы киіндір!» атты қайырымдылық шарасы болып өтті. Қайырымдылық іс-шарада орталық мешіттің бас имам Омар қажы Елеуұлы шараға үлесін қосқан барша мұсылман қауымына ыстық ықыласын жеткізіп, өз алғысын айтса, «Иассы» мешітінің имамы, «Зекет», «Жастар ісі» бөлімдерінің жетекшісі Қасымбеков Жүсіпбек «Қайырымдылықтың сауаптары» атты уағыз айтып, сауаптан жазылсын деп дұға етті. Шара барысында жалпы 40-тан аса оқушыға сумка, дәптер, қалам, түрлі түсті қаламдар мен сызғыш, өшіргіштер, шұдықтар, бантиктер, көйлектер т.б. берілсе, 2 оқушыға мектеп жабдықтарымен бірге спорттық аяқ киімдер 2 оқушыға туфли берілсе, 10 қыз балаларға туфли және 4 қыз балаға көйлектер берілді. Шараға қолдау білдірген барша азаматтарға Алланың нұры жаусын, сансыз сауаптан жазсын деп тілек білдіріп, барша халық өз алғыстарын білдірді. Түркістан қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы түсіріп, арнайы бағдарлама ретінде көрсетті.

Түркістан қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 273

IMG 274

IMG 275

IMG 276

IMG 277

IMG 278

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38