Бүгін 28.08.2017 жылы Түркістан қалалық №27 мектепке қалалық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты «Мектепке жол» акциясы болып өтті. шараға қалалық әкімнің орынбасары, облыстық депутаттар, қаламыздың бас имамы Омар қажы Елеуұлы, имамдар, кәсіпкерлер, мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар қатысты. Бұл шара 1 тамыздан басталған «Мектепке жол» акциясының қорытынды есебі негізінде өтті және 40 оқушыға әкімшілік тарапынан мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілсе, қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы өз атынан 15 оқушыға жекелей табыс етті. Қайырымдылық көмекті тапсыруға өз кезегінде қаламыздың орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имамы Омар қажы Елеуұлы шығып, 10 оқушыға мектеп формаларымен құрал-жабдықтар табыс етті. Және де қалалық, ауылдық мешіттер тарапынан ҚМДБ-ның арнайы тапсырмасына орай «Бір баланы киіндір!» қайырымдылық шарасы аясында 350-дей баланы қамтығандығын, одан бөлек 700-дей бастауыш сынып оқушыларына арнап парымен ақ бантиктер берілгендігін, 200-дей оқушыларға колготки таратылғандығын айтты. Шара соңында демеушілік еткен біршама имам-молдалармен, азаматтарға қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлының арнайы «Алғыс хаты» табыс етілді. Шара барысында 10-нан аса имам-молдаларға арнайы алғыс айтылып, марапатталды.
Түркістан қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі