IMG 263

IMG 263

ОҚО, Түркістан қаласы Оранғай ауылдық округі Қосқорған ауылында 26.08.2017 жылы сәулетімен дәулеті келіскен қазіргі заманға сай Алланың жердегі үйі жаңа мешіт ашылуы болып өтті. Жаңа мешіт ескі «Әбдікерім ата» мешіттің ауласына тұрғызылды. Мешітке бір мезетте 350 адам еркін сиятын үлкен зал, имам бөлмесі, әйелдерге арналған 50-60 адамдық арнайы балкон (қылтима), аяқ-киім шешетін үлкен бөлмемен жабдықталған. Мешіттің салынуына мұрындық болған «Әбдікерім ата» мешітінің молдасы Егембердиев Хасан бауырымызға жамағаттармен ауыл адамдары дән риза.
Мешіттің алышу салтанатына орталық мешіттің наиб имамы Ерлан Киізбаев, қалалық, ауылдық бірнеше мешіт имам-молдалары, ауылдық округ әкімі, кәсіпкерлер, ауыл ақсақалдары, жамағаттар, тұрғындар қатысты. Орталық мешіттің наиб имамы Ерлан Киізбаев өз кезегінде бас имам Омар қажының сапарда болуына байланысты келе алмағандығын және ол кісінің арнайы ыстық ықыласымен құттықтауын жеткізді. Шараға қатысушы ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, ауыл ақсақалдар, кәсіпкеорлер өз кезегінде алғыстарын білдірді.
Алланың үйі елімізде көптеп ашылуына және олардың еліміздің тұрақтылығымен тыныштығы үшін қызмет ете берсін деген тілектерін жеткізді.
Түркістан қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы түсіріп, арнайы бағдарлама ретінде көрсетті.

Түркістан қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 263

IMG 264

IMG 265

IMG 266

IMG 267

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38